
Жадымда қалған сол әуен. "Жалт-жұлт еткен дүние" әні жайлы
Om avsnittet
Ермұрат Үсеновтің "Жалт-жұлт еткен дүние" әнінің шығу тарихы жайлы
Әннің сөзі:
Беу, дүние, өмірдің
Қуанышын тойлаттың.
Көңілімді күн сайын
Көк сағымдай ойнаттың.
Кету үшін бір көріп,
Жердің бетін жайнаттың.
Жүрегіме тіл беріп,
Бұлбұл құстай сайраттың.
Қайырмасы:
Шіркінай, шіркінай,
Жалт-жұлт еткен дүниеай!
Үміт қуған пендеге
Жеткізбейсің сен неге?
Ғашық ғұмыр тояр ма
Сенің жарық сәулеңе?
Жалт-жұлт еткен дүниеай,
Арман дүниеай!
Жалт-жұлт еткен дүниеай,
Жалған дүниеай!
Беу, дүние, өзіңнің
Пәктігіңе сенемін.
Тұнығына сезімнің
Жүрегімді бөледің.
Сенен алған сыйымды
Несін айта беремін?
Әттең, құлақ күйіңді
Таба алмай-ақ келемін.
Fler avsnitt
Visa alla avsnitt av Қазақ радиосыҚазақ радиосы med qazaqradiosy finns tillgänglig på flera plattformar. Informationen på denna sida kommer från offentliga podd-flöden.